KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 3 м/с, ОБ
482.86 533.17 5.08

Белоусовка кентіндегі кәсіпорын икемділіктің үлгісін көрсетіп отыр

6.02.2018, 04:16 71

Глубокое ауданы Белоусовка кентіндегі орта бизнес саласына тиесілі «Облгазпром» ЖШС-де бар-жоғы 12 адам еңбек етуде. Дей тұрғанмен, мұнда заманауи қондырғылар орнатылған, алға қойған жоспарлары да ауқымды.


Бұл жерде сұйылтылған газ баллондарға құйылады, медициналық оттегі өндіріледі, сондай-ақ газбен жүретін көліктерге арналған отын құю станциясы және автомобильдерге газ қондырғыларын орнату цехы бар.


Кәсіпорын басшылығы мұнымен ғана шектеліп қоймай, құрылыс және жол саласына да араласа бастапты. Алдағы уақытта тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтар жинау ісін қолға алмақшы.


Кәсіпорында болған облыс әкімі осы бір шағын кәсіпорынның бірнеше қызметті атқарып жатқанына мән беріп, оны үлгі ретінде алу керектігін жеткізді.


– Бұл өте қызықты іс-тәжірибе екен, өйткені бұл – икемділіктің, ұтқырлықтың үздік үлгісі. Кәсіпорын нарық сұранысына қарай өз қызметін тез ауыстырып, бейімдей қояды. Осы бастаманы мұқият зерделеп, тәжірибені өзге кәсіпорындарға енгізу керек, – деп тапсырды сала басшыларына Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив