KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Ауылдастары Айдарды еске алды

5.02.2018, 06:38 130

Бабаларымыздың «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген тәмсілін ұстанған Қарақол ауылының жастары бір кездері өздерімен тай-құлындай тебісіп өскен спорт жанашыры, марқұм Жұматаев Айдар Жексенбайұлының құрметіне шағын футболдан аудандық жарыс өткізді. Негізі, сайысқа Қарақол ауылының жастар, түлектер, мешіт және ардагерлер командасы, Үржар, Таскескен, Лайбұлақ, Сағат ауылының командалары секілді 8 команда қатысты.


Жарыстың ашылу салтанатында Қарақол ауылының әкімі Марат Мұсабаев, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сарсенхан Қабдолданов, Қарақол орта мектебінің директоры Бақыт  Құрманғалиева, марқұмның досы, сыныптасы Даурен Камаков сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.


Аса тартысты өткен жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Қарақол ауылының жастары, екінші орынды Үржар командасы иеленіп, үшінші орын Қарақол ауылының түлектер командасына бұйырды. Бұдан өзге «Үздік қорғаушы» аталымына Искаков Бауыржан, «Үздік шабуылшы» Құрманғазы Бақтияр, «Үздік ойыншы» Жақсылықов Арнай, «Үздік қақпашы» атағына Семейжанов Мұхит ие болды.


Жиналғандар осындай шараны ұйымдастырған Қарақол ауылының азаматтарына, ауыл, мектеп әкімшілігіне өз алғыстарын арнады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив