KZ
Өскемен
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

150 спортшы өзара мықтыны анықтады

17.01.2018, 07:25 156

Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде жабық кешендегі ел кубогы үшін жарыс өз мәресіне жетті. Спортшылар екі күнге созылған сайыста жеңіл атлетиканың 16 түрінен өзара мықтыны анықтады.


Айта кетейік, биылғы додаға еліміздің барлық өңірінен 160-тан астам жеңілатлет қатысып, шеберлік байқасқан болатын. Осы ретте, Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған спортшылардың дені жастар болғанын айта кеткен орынды. Сондықтан болар биылғы жарыста жерлестеріміз қоржынды медальға толтыра алмады. Ал жүлдеге іліккендердің арасында 400 метрге жүгіруде чемпион атанып, 200 метрлік жарыста мәреге екінші келген риддерлік Элина Михинаның, сондай-ақ биіктікке секіру сайысында бірінші және екінші орыннан көрінген Надежда Дубовицкая мен Александра Кривицкаяның жетістіктерін атап өтуге болады.


Сонымен қатар 800 метр қашықтыққа жүгіру сайысында екінші нәтиже көрсеткен семейлік Евгений Архипов, ұзындыққа секіруде екінші орын алған тағы бір семейлік жеңілатлет Алексей Пономарев пен 60 метрге кедергілермен жүгіру бәсекесінде үздік үштікті түйіндеген өскемендік Виталий Лиценбергердің көрсеткіштері де жаман емес дейді мамандар. Жүлделі орындарға қыздар арасындағы ядро лақтыру жарысында екінші және үшінші нәтиже көрсеткен Ольга Хижнякова (Семей) мен Эрика Кем (Өскемен) де ие болды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив