KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 2 м/с, ОШ
439.43 473.31 4.82

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕПОЗИТІ 340 МИЛЛИАРДҚА ЖЕТТІ

8.12.2017, 11:25 109

Биыл облыста несиелендіру көлемі артып отыр. Аймақтағы екінші деңгейлі банктер арқылы 2017 жылдың 10 айында 280 млрд. теңгенің несиесі беріліп, тұрғындар мен заңды тұлғаларды несиелендіру былтырғымен салыстарғанда 1,6 есеге көбейген.


Несилердің 94 пайызы ұлттық валютамен, 6 пайызы шетел валютасымен беріліп жатыр. Несие алудағы жеке тұлғалардың үлесі 65 пайызды құраса, несиенің қалған бөлігі заңды тұлғаларға берілген.


Қымбатшылыққа қарамастан биыл баспана үшін несие алғандардың қатары айтарлықтай көбейе түскен. Ағымдағы жылы ипотекалық несиелендіру екі есеге артып, тұтынушылық несиелендіру 1,6 есеге, шағын бизнесті несиелендіру 1,06 есеге көбейгені тіркеліп отыр.


Ұлттық банктің облыстық филиалының директоры Айнагүл Жолдыбалинаның айтуынша жыл басынан бері банктердегі депозит көлемі 48 млрд.теңгеге немесе 12 пайызға өсіп 464 млрд. теңгеге жеткен. Депозиттердің басым бөлігін тұрғындардың салымы (340,5 млрд. теңге немесе 73 пайызы) құрап отыр. Заңды тұлғалардыкі -123,3 млрд теңге.


Қазіргі күні облыста 30 екінші деңгейлі банктердің филиалы қызмет көрсетіп келеді. Өскеменде -18 филиал, Семейде – 12 филиал жұмыс істеп жатыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив