KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 0,7 м/с, З
447.25 485.18 4.96

ШҚО-да «7-20-25» бағдарламасы бойынша қанша адамға несие берілгені айтылды

24.07.2018, 08:30 108

Аталмыш бағдарлама шыққан сәтте 312 адамға 3,6 млрд. теңге көлемінде несие берілетіндігі туралы айтылған болатын. Бұл туралы ақпаратты «Баспана» АҚ мамандары ұсынып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Көшті 142 адамның өтініші мақұлданған Алматы қаласы бастап тұр. Оларға 1,7 млрд. сома бөлінді.

Екінші сатыда Астана қаласы. 64 адамға 913,9 миллион теңге несие бөлінген.


Ал үшінші орында Ақтау. 25 адам – 222,6 миллион теңге.


Сондай-ақ ақтөбеліктерден – 16, шығысқазақстандықтардан – 13, қостанайлықтардан – 12, Ақмола мен Алматы облысының тұрғындарынан 10-10-нан өтініш қабылданған.


«7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотекалық несиелендіру туралы толық ақпаратты «Баспана» ипотекалық ұйымының www.baspana72025.kz ресми сайтынан және тәулік бойы тегін қызмет көрсететін +7(727) 227-20-25. сall-орталығына хабарласып алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив