KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 1 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Қыршыннан қиылған өмір

15.11.2017, 18:56 100

14-ші қараша күні Зырян қаласында жантүршігерлік оқиға болды. 12 жастағы жасөспірім қыз асылып тұрған  жерінен табылды.


-Бұндай деректің тіркелгені рас, 2005-ші жылы туған қыз бала өз үйінде асылып тұрған жерінде табылды. Қазір  105-ші баптың 3-ші бөлімі бойынша ( өзіне-өзі қол жұмсауға жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, -деді ШҚО ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Белгілі болғандай жасөспірім қыз өзінің атасымен бірге тұрған екен, ал анасы ата-ана құқығынан айырылған болып шықты.


Сонымен қатар , қайғылы оқиға болған жерден хат  табылған. Бейресми деректерге бойынша, онда жасөспірім қыз өзінің құрбыларымен бірге болғысы келетіндігі туралы жазып қалдырған.


Осыған қарап, жастар тағы да ғаламторды шарлаған  қауіпті ойынның құрбаны болды ма деген де күдік бар. Бұл нұсқа да Зырян аудандық ішкі істер бөлімі мамандарының назарында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив