KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Мешіт маңына көкөніс еккен молдалар биыл мол өнім алды

10.11.2017, 04:06 140

Тарбағатай ауданындағы «Ұранхай қажы» мешітінің қызметкерлері тікелей жұмыстарынан бөлек, ауыл шаруашылығына да ден қойып келеді.


Мәселен, биылғы көктемде арнайы бөлінген жер учаскесіне бірнеше көкөніс тұқымын еккен олар қазір одан мол өнім алып отыр.


Айта кетейік, аталған мешіт былтыр аудан әкімдігінің көмегімен 10 гектар егіндік жер алып, көкөніс өсірумен айналыса бастаған.


– Биылғы жазда егіндікке барынша назар аударуға тырыстық. Тынбай еңбектенудің арқасында жақсы өнім алдық. Өзіміз еккен картоп, сәбіз, қырыққабат секілді өнімдерді тұрмысы төмен отбасыларға және имамдарымызға тарататын боламыз, – дейді мешіттің бас имамы Айдын Құсманұлы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив