KZ
Өскемен
+18°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

"Еңбекақым 50 мың теңге". Өскемен тұрғыны қандай азық-түлік тұтынатынын айтты

19.09.2018, 08:09 165

Статистердің талдаулары бойынша 2018 жылғы екінші тоқсанда тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындарды сатып алуға орташа статистикалық облыс халқымен ( бір тұрғынға ) 76 444 теңге жұмсалған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Шығысқазақстандықтың тоқсандық рационына 74,9 кг сүт өнімдері, 36,7 кг нан мен жарма өнімдері, 21,8 кг ет пен ет өнімдері, 3,8 кг балық пен теңіз өнімдері кірген. Сонымен қатар, екінші тоқсанда облыс тұрғындарымен 4,0 кг май мен тоңмай, 11,9 кг қант, тәттілер мен кондитерлік өнімдер, 59 жұмыртқа тұтынған. Бір тоқсан ішінде жан басының орташа тұтынуы келесідей көлемде қалыптасқан: жеміс -13,7 кг, көкөніс дақылдары (картопты қоспағанда) -23,0 кг, картоп -12,0 кг.


Статистика осылай дейді. Ал, Өскемен қаласы Красин көшесіндегі №1 үйдің тұрғыны Әсия есімді азаматша бір тоқсанда, яғни, көктемгі үш ай ішінде бар жоғы екі келідей тауық етін ғана тұтынғанын айтады.


-Отбасымда үш немерем, ұлым мен келінім бар. Дүкенде стаушы болып істеймін, еңбекақым 50 мың теңге. Келінім үйде жас баламен отыр. Зауытта еңбек ететін ұлымның жалақысы 95 мың теңге. Күнделікті алатынымыз көбінесе нан және нан өнімдері. Балық пен теңіз өнімін түсімізде де көрмейміз. Соның өзінде тамаққа талай ақша кетіп қалады,-дейді Әсия.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив