KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
475.18 510.72 5.47

Семейліктер Айбек Нұғымаровты әуежай табалдырығынан құрметпен қарсы алды

12.09.2017, 02:53 92

Семейліктер «Әлем Барысы-2017» халықаралық турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаровты әуежай табалдырығынан бастап ерекше қуанышпен қарсы алды. Ақжаулықты әжелер шашу шашты. Одан кейін Орталық алаңда қала халқы бас қосып, Айбекпен бірге оның жеңісін ерекше тойлады.


Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова Айбек Нұғымаровқа 1 млн теңгенің сертификатын тапсырып, біздің елдің жастары осы Айбек Нұғымаровтан үлгі алып өсетіндіктері сөзсіз деп ризашылығын да білдірді. Сөз кезегінде «Әлем Барысы-2017» турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров та өзінің қуанышын ортаға салды:


-Халқым менімен әрқашан бірге! Әуежайдан бастап қарсы алып, қошаметтеп жатыр. Мен белдескенде жанкүйер болып, тілеуімді тілеп отыратын Абай еліне, жерлестеріме үлкен рахмет! Мені жеңіске жетелеген Абай атамыздың әні. «Көзімнің қарасы» әнін бала кезімнен айтып жүретінмін. Осы ән менің бойыма туған жерге деген махаббат, әке-шешем мен отбасыма, елім-жұртыма деген құрмет сезімін сіңіре білді.


Айта кету керек, «Әлем Барысы-2017» халықаралық турнирінде 38 елден келген 42 балуан бақ сынады. Жүлде қоры-30 миллион теңге. Айбек Нұғымаров Грузиялық балуан дзю-додан Еуропа чемпионы Гурам Тушишвилиді жеңіп, «Әлем Барысы-2017»атанып, халқына жеңіс сыйлады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив