KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Полицейлер оқушыларға мектеп сөмкелерін сыйлады

29.08.2017, 11:20 114

Жаңа оқу жылы қарсаңында облыстық ішкі істер департаментінің полицейлері облыс орталығындағы Н.Крупская атындағы мектеп-интернаттың жас тәрбиеленушілеріне мектеп сөмкелерін сыйлады.


Жаңа сөмкелер оқуға қажетті кеңсе құралдарымен толық жарақтандырылған. Облыстық ІІД бастығының орынбасары Ерлан Жұмаділов сыйлықтарды тапсыру кезінде балаларды оқу жылының басталуымен құттықтап, сабақты тек төрт пен беске оқуға тілектестігін білдірді. Жаңа рюкзактарды өлшеп көрген балғындар жақсы оқуға уәде етті.


Балғындарды мектепке дайындаған қайырымдылық ақциясы департаменттің барлық басқармалары мен бөлімшелерінде өтіп жатыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив