KZ
Өскемен
+11°
туман жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Жарма ауданында қысқа әзірленген 110 тонна шөп жанып кетті

17.08.2017, 09:25 98

Жарма ауданында қысқа әзірленген 110 тонна шөп жанып кетті. Қасақана өртелген деген болжам бар.


Өрт шыққаны туралы хабар тиісті қызметке таңғы сағат төртте келіп түскен. Өткен жылдан қалаған 30 және 80 тонналық екі бума шөпті шарпыған отты өшіру оңай болған жоқ. Қатты соққан жел от ұшқынын қурап тұрған шөптерге жаюы мүмкін еді. Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің арқасында тілсіз жаудың ошағы тез сөндіріліп, бықсып жатқан бумаларға су құйылды.


Қазір әдейі от қойылған деген болжам айтылуда. Кінәлі адам мен келген шығынның мөлшері анықталуда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив