KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

"Казцинк" Риддер тұрғындарына үй беріп жатыр

7.06.2017, 18:00 163


6-мамыр күні Риддер кен байыту кешеніне қарасты Риддер Сокольный кенішіндегі Андреев карьерінің үстіңгі қабырғаларын көктемгі лай көшкіні шайып құлатып, жылғалап аққан қарғын су кеніш ішіне құйылып кеткен болатын.

«Қазцинк» ЖШС нің әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазаревтің айтқанындай карьер төңірегінде орналасқан жеті үйдің тұрғындары оқиға болған күннен бастап түгелдей қауіпсіз жерге көшіріліп, қазір олардың бәріне баспана сатып алуға кәсіпорын тарапынан 50 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінген. Үйлер орналасқан жерлерде ұңғымалар бұрғыланып жатыр. Бүгінгі күні тұрғындардың бәрі де ол ақшаға пәтер, жеке үй сатып алған. Карьер маңындағы екі бөлмелі ескі үйлерінде тұрып келе жатқан зейнеткерлер Вера, Николай Феклистовтардың отбасына да Риддерден 6,5 млн. теңгеге еурожөндеуімен көп қабатты тұрғын үйден төрт бөлмелі пәтер сатып беріліп отыр. Қарттардың қуанышында шек жоқ.

Жанаргүл Мұқатай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив