KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
478.93 534.96 5.16

"Қазцинк" үйі өртенген отбасына баспана сатып алуға көмектесті

4.02.2019, 09:15 164

«Қазцинк» үйі өртенген отбасына баспана сатып алуға көмектесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Былтыр қазан айында риддерлік Рустам Қоңбаевтың үйі жанып кеткен болатын. Өрт сөндірушінің шаңырағы қыс таяғанда баспанасыз қалған-ды.


– Түннің бір уағында ояндық. Қарасақ, ауызғы үй отқа ораныпты. Әуелі әйелімді терезеден сыртқа шығардым. Сосын балаларды бір-бірден әкеліп оның қолына көтеріп беріп тұрдым. Бұл 29-ынан 30-ына ауған түні болатын, – деп еске алды Рустам жан түршігерлік оқиғаны. Айта кетейік, Рустамның үш баласы бар. Үлкені – 9, кішісі 2 жаста.


Иә, бұрын зардап шеккен жандарды құтқарып жүрген Рустам өз отбасын да жалыннан аман алып шығады. Бірақ үй түгелдей жанып кеткен еді.


– Біздің қиын жағдайымызды білген ірі өндіріс орны «Қазцинк» мол қаражат бөлді дегенді естігенде өзім де сенбедім. Қолға тигенде қуанышымызда шек болмады. Оның үстіне аздаған жиған-тергенімізді қосып, қаладан төрт бөлмелі үй алдық. Кәсіпорынның әрбір қызметкеріне жеке-жеке алғыс айтамын. Жақсылықтарыңыз он есе қайтсын, – дейді отағасы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив