KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Азия чемпионаты. Тай қыздары Ираннан басым түсті

24.05.2017, 18:00 128



Өскеменнің Спорт сарайында басталған волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында турнир фавориттерінің бірі саналатын тайландтық "Супреме" алғашқы ойынын өткізді.

Иранның "Сармайе Банк" командасына қарсы ойында Тай елінің волейболшылары 3:1 есебімен қарсыласынан басым түсті. алғашқы екі кезеңді 25:22, 25:21 есебімен өз пайдасына аяқтаған тайландтық команда ойыншылары бұдан кейін сәл босаңсып қалған болуы керек үшінші периодта есепте алда тұрып басымдықтарынан айырылып қалды.

Есеп 22:25. Дегенмен келесі, төртінші кезеңде 25:23 есебімен қарсыласынан айласын асырған оңтүстікшығыс азиялықтар ойында жеңіске жетіп, қоржынын алғашқы ұпайлармен толтырды. Осы орайда, ирандық ұжым туралы да аз-кем айта кеткеніміз абзал болар. Қызылбастар елінің арулары қарсыластарына қарағанда әлсіздеу көрінгенімен, өздерінің жанкештілігі арқасында дегендеріне жете жаздады.

Бірде-бір кезеңде тайлықтардан кем түспеді. Алайда, мұндайда ойын тағдырын тәжірибе шешіп кететіні бар. Ирандық ұжымға осы жетіспеді. Келесі ойындарын аталған екі команда ертең өткізеді. Алдымен тегерандық "Сармайе Банк" тайбэйлік "Тайвань Пауэр" волейболшыларымен кездессе, кешкісін (19:00) Тай елінің командасы біздің "Алтаймен" күш сынаспақ.

Азия чемпионаты бойынша барлық жаңалықтарды бізден біліп отырыңыздар.

Нұржан Кенжеұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив