KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2,7 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

"Тәуелсіздік даңғылындағы қажетсіз жарнамалық билбордтарды алып тастау керек" - Даниал Ахметов

18.05.2017, 18:00 82



Тәуелсіздік даңғылының бойындағы билбордтың тым көптігін сынға алған аймақ басшысы бір аптаның ішінде олардың қажеттілерін басқа көшелерге көшіріп, мазмұны ескіргендерін алып тастау керектігін айтты.

-Тәуелсіздік даңғылына кіріп келгенде-ақ қаптаған баннер мен билбордтан көз сүрінеді. Мұншама қалың билборд көлік айдаушыларға кедергі келтіреді. Екіншіден, көшенің көркін әлем-жәлем етіп көрсетеді. Құдды бір шыршаға ілінген ойыншықтар тәрізді. Бұл істе Астана мен Алматының тәжірибесін зерттеңіздер. Бір аптаның ішінде соның барлығын зерделеп, нақты іске көшіңіздер, - деді аймақ басшысы.

Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дәурен Қасымовтың айтуынша, Өскемендегі 200-ден астам билбордтың 34-і заңсыз қойылған екен. Тәуелсіздік даңғылының өзінде бес заңсыз билборд бар көрінеді.

Есімжан Нақтыбайұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив