KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 1,7 м/с, ОШ
477.13 525.85 5.24

Семейде биыл 34 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі

6.06.2016, 18:00 127


[/center]
Семейде биыл 34 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 13-і несиелік, 16-сы жалдамалы және бесеуі коммерциялық. Осы жазда қаланың Театральная көшесі мен Ұн комбитнаты алаңында орналасқан екі тұрғын үй қолданысқа беріледі.

Қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Болат Жақаевтың айтуынша, жыл соңына дейін қазына қаржысына тағы да төрт үйдің құрылысы аяқталмақ. Ең бастысы барлық құрылыс жұмыстарында өзімізде өндірілген материалдар кәдеге жаратылуда.

– Облыстық бюджеттен бөлінген 1 млрд. 685 млн. теңге қаражатқа салынып жатқан аталмыш төрт үй Юность, Өтепбаев, Ертіс, Жеңіс, Жаңасемей-Жеңіс көшелерінде орналасқан. Оның сыртында тағы да екі тұрғын үй коммерциялық қаражат есебінен тұрғызылады. Бұл баспаналардың барлығын осы жылы қолданысқа беру көзделген, – дейді бөлім басшысы.

Сонымен қатар қазіргі күні Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы жалпы ауданы 25 мың шаршы метрді құрайтын үш тұрғын үй құрылысын салу жобасы мемлекеттік сараптамада қаралуда. Оған қоса жалпы құны 1 млрд 889 млн. теңге болатын тағы үш үйдің іргетасы құйылып бастайды биыл.

Қысқасы Семейде 2016-2017 жылдары жалпы ауданы 204 мың шаршы метрден асатын 54 тұрғын үй бой көтермек.

Шығыс-Ақпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив