KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Жұмыс орындарын сақтап қалуға келісті

18.02.2015, 18:00 212



Дағдарысқа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында Семей қаласының әкімдігі мен жергілікті кәсіпорын басшылары меморандумға қол қойды. Ондағы басты мақсат - жұмыс орындарын сақтау, өндіріс үдерісін тұрақтандыру, тұрғындарды әлеуметтік қамту.

Қол қою рәсіміне қаладағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындар: «Семей цемент зауыты», «Ертіс бройлер құс фабрикасы», «Ай-Ар», «Семей асбестцемент бұйымдары зауыты», «Семей құю-механикалық зауыты» сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жетекшілері қатысты.

- Біздің кәсіпорында қазір 1200 адам еңбек етіп жүр. Мен осы зауыттың басшысы ретінде олардың отбасыларының жайлы тұрмысы үшін жауаптымын. Әрине, қазір ресейлік кәсіпорындармен бәсекелестік күшті. Соған қарамай, тығырықтан шығатын жол тауып, жұмыс орындарын сақтап, өндірісті дамыта білуіміз керек, - дейді «Семей цемент зауыты» ЖШС-нің бас директоры Геннадий Каменев.

Алдағы уақытта қалалық әкімдік өзге де кәсіпорындар басшыларымен дағдарысқа қарсы әлеуметтік маңызға ие бірқатар меморандумдар жасауды жоспарлап отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив