KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Тұрғын үйлерді жаңғырту жалғасын тапты

10.09.2014, 18:00 139



Бір жылға жуық кідірістен кейін Риддерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша ескі үйлерді жөндеу жұмыстары қайта қолға алынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, осыдан бір жыл бұрын жөндеу жұмыстарының тоқтап қалуына қала тұрғындарының орындалған құрылыс сапасына көңілдері толмауы себеп болған-ды. Нақтырақ айтқанда, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы бес қабатты үй қолданысқа берілген соң, шатырынан су ағып, екі пәтердің төбесі опырылған. Тағы бір үйдің шатыры қатты желден жұлынып кеткен. Осындай олқылықтарды болдырмау үшін, Курека көшесіндегі 24-ші үйдің тұрғындары «ШҚО бойынша тұрғын үй-пайдалану басқармасы» ЖШС-мен 15,2 млн. теңгеге шарт жасасып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 600 шаршы метр көлемде төбе жабыны ауыстырылып, инженерлік жүйелер қайта құрылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив