KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын жүргізу барысында олқылықтар жіберген лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады

12.08.2013, 18:00 78


Өскемен қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша жүргізілген жөндеу жұмыстарына тұрғындардың көңілі толмайды. Осыған орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев олқылық жіберген тұлғаларды жазалап, немқұрайлы жұмыс істеген мердігерлерді өз кемшіліктерін жоюға мәжбүрлеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс орталығының жеті айдағы даму қарқынын талқылаған қала активінің жиынында өскемендіктерін осы мәселелерге қатысты мұңдарын шаққан болатын.

– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы іске аса бастаған тұста өзге өңірлерден оқ бойы алға шыққан едік. Тұрғындардың да бұл жобаға деген сенімдері артып, атсалыса бастаған. Бүгін сол мысқалдап жинаған сенімнен айырыла бастадық. Осындай олқылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар, қала әкімінің орынбасары жауап беруі қажет. Бағдарлама бойынша жаңғыртылған тұрғын үйлерді түгендеп шығу керек. Олқылық жіберген тұлғаларды жазалап, немқұрайлы жұмыс істеген мердігерлерді өз кемшіліктерін жоюға мәжбүрлемей болмайды. Ал төбесі толық жөнделмей, су ағып тұрған үйлердің шатырларын жауапсыз мердігерлерден қайтарып алынған қаржы есебінен жылыту маусымы басталғанша жөндейтін болыңыздар.

Қайталап айтам, шатырынан су аққан үйлердің барлығын суық түскенше бітейтін болыңыздар. Өткенде орынбасарыңыз Владимир Головатюкпен бірге Тәуелсіздік даңғылының тұрғындарымен кездескенде де осындай кемшіліктерге шағымданушылар көп болды. Ал мен оларға барлық кемшіліктер жойылатынын айтып, уәде бергенмін. Сол уәде орындалуы тиіс, – деді облыс әкімі жиында.

Есімжан Нақтыбайұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив