KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Курчатовтан шыққан әнші Санкт-Петербургте Гран при ұтып алды

22.01.2013, 18:00 143


Қазақстан Қорғаныс министрлігі ансамблінің әншісі, Курчатов қаласының тумасы Күләйім Қайырбаева Санкт-Петербург қаласында өткен «На крыльях таланта» атты жастардың халықаралық байқау-фестивальінде Гран при жүлдесін ұтып алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Ведомствода айтқандай, әнші «Эстрадалық вокал: соло» номинациясында 20 мен 25 аралығындағы орындаушылардың қатарында өнер көрсетті. Бас жүлде үшін әлемнің әр елінен келген 600 өнерпаз бақ сынасқан.

Күләйім Қайырбаева Қазақ Ұлттық өнер университетінің түлегі. Бала кезінен ән шырқайды. Қорғаныс министрлігінің ансамблінде өнер көрсету оның көп уақытын алғанымен ол дайындықтар мен әртүрлі байқауларға қатысуды тиімді ұштастырып келеді. Күләйім Қайырбаева Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының тумасы. Жеолесіміз "Жас канат", "Астана - ән жүрегім" байқауларының, республикалық «Ағажай-Алтай» фестивалінің дипломдарымен марапатталған. Сондай-ақ Күләйім "MI" голливудтық саз институты басшылығының шақыртуымен америка студенттеріне шебер-сыныптар өткізген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив