KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Құтырма ауруына қарсы екпелер тегін жасалады

18.06.2014, 18:00 157



Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2009-2013 жылдар аралығында ел көлемінде 41 адам құтырма ауруына шалдығыпты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ал Шығыс Қазақстан облысында бұл ауру адамдар арасында тіркелмегенімен, эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі көрінеді. Себебі, облыста жануарлар арасында құтырма ауруына ұшыраған 48 жағдай орын алса, соның 34-і ауыл шаруашылығындағы жануарлар. Аурудың алтауы иттен, екеуі мысықтан табылған. Ал тағы алтауы жабайы жануарлар арасында тіркелген. Мамандардың мәліметінше, осы ошақтардан 299 адам байланыста болғаны анықталып, құтырма ауруына қарсы толық екпе курсын алыпты. 2013 және 2014 жылдың бес айы бойынша Семейде құтырма ауруының үй және ауылшарушылық жануарлары арасында алты жағдайы тіркеліп, қатынастағы 67 адам екпе курсын алуда.

Адам құтырма ауруымен тек қана жануардың тістеуінен ғана емес, оған қоса сілекейдің жараға түсуі арқылы да жұғуы мүмкін. Баса айта кетерлігі, құтырмаға қарсы екпелер тегін жасалады.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив