KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Семейдің үш тұрғынын бүгін таңертең құтырған ит талап тастады

23.06.2016, 18:00 159




Семейдің үш тұрғынын бүгін таңертең ит талап тастады. Оларға құтырма ауыруына қарсы екпе егілді.

Шынжырдан босап кеткен ит өзінің иесіне шапқан. Нәтижесінде ауладағы қартаң әйел мен оның немересі зардап шекті.
-Тағы бір адамның арқасында тістің терең іздері қалды. Ал, иттің иелері, яғни қартаң әйел мен оның немересінің иық тұстары қатты тістелген,-дейді оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасының дәрігерлері.

Иттеріне ие бола алмаған отбасы аяғы ТЖ құтқарушыларын шақырған. Мамандар полицияның көзінше итті ұстап оны залалсыздандырды.

-Алдын ала анықталғын деректерге сәйкес ит құтырма ауыруымен ауырған,-дейді Семей қаласының ТЖ басқармасы мамандары.

Дарын Нұрсапаров




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив