KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Аягөз қаласында мас жүргізуші қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды

19.05.2013, 18:00 260


ШҚ облысындағы Аягөз қаласында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті, зардап шеккен адам көз жұмды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясының баспасөз қызметінде хабарлағандай, бұл хабарды Аягөздегі полиция кезекшелігіне әйел адам жеткізген.

Оның айтысына қарағанда, білгісіз жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып ,одан кейін шарбаққа соғылған.

Оқиға барысын тексерген кезде, жол сақшылары Ауди-100 автокөлігінің жүргізушісі мәшинені мас кезінде басқарғаны анықталды.

Зардап шеккен жаяу жүргінші алған жарақаттарынан ауруханада қаза болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив