KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Аягөздік жасөспірімнің ажалы аттан бола жаздады

14.01.2014, 18:00 83



Аягөз ауданы, Өркен ауылының 14 жасар тұрғыны мөңкіген асау аттан құлап оңбай жараланды. Ауыздығымен алысқан шу асау оның тақым қысуына да мұрша бермеген. Маңайдағы діңгектердің біріне басымен соғылған бозбала, жан сақтау бөлімінен бірақ шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бала ес-түссіз күйде алдымен Аягөз аудандық ауруханасына әкелінген. Жергілікті ауруханада оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ертеңінде ол тікұшақпен Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша баланың жарақаты ауыр. Ол жан сақтау бөлімінде бір неше күн болған. Оның жағдай қазір оңалып келе жатқан сияқты. Жабық бассүйегі жарақаты, мидың зақымдалуы тағы басқа сынықтарға байланысты оған әлі күрделі ем қабылдауға тура келеді.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив