KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.11 532.25 5.14

«Жас ұлан» қатары Семей жастарымен толықты

3.12.2013, 18:00 155


Семей экономикалық лицейінің үздік оқушылары «Жас ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдердің біртұтас ұйымының қатарын толықтырды. Патриоттық мәні зор бұл шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш іс-шараға қалалық ішкі саясат бөлімі, жастар орталығы және «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты өкілдері қатысып, лицей оқушыларына «Жас ұлан» ұйымының төсбелгілері мен мойынтақтарын табыстады.

Салтанатты жиында жастар орталығының жұмыс бағыты мен алға қойған мақсаттары таныстырылып, жастарға ел алдындағы жауапкершілік пен отансүйгіштіктің, алға қойған міндеттерді абыроймен атқарудың маңызы жайлы түсіндірілді.

Салтанатты кеште «Жас ұлан» ұйымының мүшелері ант қабылдап, патриоттық әндер орындады. Іс-шара соңында Елбасының тұлғасын айшықтап, қызмет жолымен таныстыратын «Назарбаев. Live» деректі фильмі көрсетілді.

Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив