KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Жетімдерге мемлекет тарапынан берілген пәтерлерде ешкім тұрмайды

27.11.2013, 18:00 144


Өскемен қаласында жетімдерге мемлекет тарапынан берілген пәтерлерде әлі күнге дейін ешкім тұрмайды. Бұл баспаналардың кілттері өз иелеріне осыдан тұп-тура екі ай бұрын қала күні мерекесінде салтанатты түрде табыс етілген болатын, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Карл Маркс көшесінің бойында жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үйден жетімдермен бірге әскери қызметкерлер де пәтер алған-ды. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа созылмады. Жаңа қоныстарына көшіп кірейін десе, бүкіл үйде жылу жоқ.

– Ол үйде қазір ешкім тұрып жатқан жоқ. Енді ғана бухгалтерияға әділет органына тіркеу төлемі туралы өтінім берді. Сумен, электрмен қамту және кәріз жүйелері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Қазір жылу жүйесіне қосу мәселелерін шешіп жатырмыз. Қараша айының соңына дейін тұрғын үй пайдалануға толық дайын болады, – деп түсіндірген Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Владимир Головатюк проблеманы тезірек шешу үшін қағаз жұмыстарының кедергі келтіретінін де еске салып өтті.

Ең өрескелі, мемлекеттік бағдарламалармен салынған үйлердің сапасыз болуы, коммуникация жүйелерінің уақытында қосылмауы әдетке айналып барады. Бұл тұрғыда осы нысандарды қабылдап алатын комиссияның жұмысына да сын-ескертпелер айтылып жатқанымен, әзірге қорытынды болмай тұр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив