KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Таулы Үлбіде арқанды жолдың құрылысы аяқталуға жақын

12.11.2013, 18:00 122


ШҚ облысы орталығына жақын орналасқан Таулы Үлбіде екі кісі қатар отырып шығатын арқанды жолдың құрылысы аяқталуға жақын қалды. Бұл нысан алдағы қыста іске қосылмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, қажетті қондырғылар Алматы қаласының іргесіндегі Шымбұлақтан сатып әкелініп, құрылыс жұмыстары былтыр жазда басталған. Бұл жобаны іске асыруда жеке кәсіпкер, «Изумрудный Алтай» ЖШС директоры Алексадр Чиликинге жергілікті атқарушы билік қол ұшын беріпті.

Қазір онда тірек бағандарды реттеу, арқанды тарту және жүк ілу секілді аз-кем жұмыстар қалды. Бірақ нысанның нақты қолданысқа берілетін уақыты әлі белгіленбеген.

Жаңадан салынған арқанды жол шаңғымен сырғанауды ермек еткен адамдарды екі бірдей жотаның төбесіне жеткізеді. Оның бірінің ұзындығы 1300 метрді құраса, екіншісі - 1100 метр. Сонымен қатар, кәсіпкер келесі жылы тағы бір арқанды жолдың құрылысын салуды жоспарлап отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив