KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 4 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Танымал спортшыдан сыйлық

3.11.2013, 18:00 150


Танымал спортшы жерлестеріне ойын-сауық кешенін сыйға тартты

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Жарық ауылында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша бірқатар нысандар іске қосылып, «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында ойын-сауық орталығы ашылды.

Орталықтан шалғайда жатқан ауыл тұрғындары үшін аса маңызды әлеуметтік нысандардың бірі болып табылатын – дәріхана мен азық-түлік дүкенін жеке кәсіпкер Бекзат Мұхаев жалпы сомасы 7 млн теңге өз қаржысына ашып отыр. Дәріханада медициналық білімі бар бір адам жұмыс істесе, дүкенде екі сатушы қызмет көрсетеді.

Тұтынушылардың қуанышына қарай бұл екеуі де қажетті тауарлармен, оның ішінде азық-түлік өнімдерімен, дәрі-дәрмек түрлерімен қамтылған. Бағалары қолжетімді.

Сонымен қатар «Туған жерге – тағзым» акциясымен Жарық елді мекенінің тумасы, даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов меншік қаржысына ауылдастарының игіліне арнап 300 орындық заманауи үлгідегі ойын-сауық орталығын салып берді. Құрылыстың жобалық құны – 35 млн теңге.

– Осы акцияның аясында ойын-сауық орталығынан бөлек жергілікті шаруаларға құны 40 млн теңге болатын Семейдегі зауытта құрастырылып шығарылған заманауи екі тракторды сыйға тартып отырмын. Сол сияқты балаларға волейбол, футбол ойнайтын, жаттығу жасайтын спорт алаңын аштық, - дейді грек-рим күресінен олимпиаданың күміс жүлдегері Дәулет Тұрлыханов.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив