KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Аягөз ауданының шалғай ауылында дәріхана ашылды

18.04.2013, 18:00 113


Аягөз ауданының ең шалғай елді мекендерінің бірі Тарлаулыда жеке меншік дәріхана ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауылда амбулатория болғанымен, елді дәрі-дәрмекпен қамту жағы ақсап тұрған болатын. Енді міне, кәсіпкер Роза Сарыбаева дәріхана ашып, ауылдастарына үлкен сый жасады. Мұнда дәрі-дәрмектің сан алуан түрі бар. Оның үстіне дәріхана күні-түні жұмыс істейтіні де ерекше маңызды.

Бұдан былай тарлаулылықтармен қатар, көршілес жатқан өзге ауылдардың тұрғындары да осында келіп, қажетті дәрі-дәрмегіне қол жеткізе алады. Дәріханада сатылатын препараттардың бағасы да жұртшылық үшін аса қолайлы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив