KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Өрт кезінде иістеніп, мерт болды

21.10.2013, 18:00 223


Шығыс Қазақстан облысы Глубокое кентінде 29 жастағы азамат өрт кезінде мерт болды., деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жау жекеменшік үйдің жазғы ғимаратынан тұтанған. Өрт сөндірушілер келгенше үйдің ағаш құрандылары, шаруашылық бөлмелері от құшағына оранып, барлығы 40 шаршы метр аумақтың күлі көкке ұшты. Құтқарушылар келіп жеткенше жанып жатқан ғимараттан туыстары иіс тиіп уланған 1984 жылы туған жігіттің денесін алып шыққан.

Қазір өлімнің себебі анықталып жатыр. Мамандардың айтысына қарағанда, өрт отты абайсыз қолданудан немесе мас кезінде шылым шегуден шығуы мүмкін деген болжам бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив