KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
486.65 524.46 5.05

«Өр Алтай сақшылары» командасы «Көрермен көзайымы» атанды

17.10.2013, 18:00 109


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдары қызметкерлері арасында жыл сайынғы республикалық «Парасатты полицей» байқауын ұйымдастырды. Бұл сайыстарда Шығыс Қазақстан облысы ІІД-нің «Өр Алтай сақшылары» командасы «Көрермен көзайымы» атанды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Аталған іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдарында тіл саясатын насихаттау, ІІО қызметкерлерінің оң имиджін нығайту, қызметкерлерді Отанға, тілге, өз елінің тарихына деген патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем тіл мен әдебиетті насихаттауды жандандыру болып табылады.

Байқауға барлық облыстардың ІІД қызметкерлерінен, сондай-ақ жоғарғы және арнайы оқу орындарынан барлығы 21 команда сайысқа түсті.

Байқау 2010 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді. Республикалық іс-шараның аясында «Парасатты полицей дегеніміз кім?», «Туған тілім-тұғырым», «Мен ата-анамды мақтан тұтамын» атты тақырыптарда шығармашылық байқаудың қорытындылары жария болды. Сондай-ақ байқау қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «Тілеп Қобыз Сарайында» өткізілді.

Байқау жеңімпаздарын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары А. Күреңбеков арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Жүлделердің ішінде ІІМ шипажайларына жолдамалар, ведомстволық басылымдарға жазылу, «Алатау» спорт кешеніне жылдық тегін абонементтер мен спорт киімдері бар. Сайыстардың соңы қазақстандық эстрада жұлдыздарының концертімен жалғасты.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив