KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, В
440.9 475.95 4.82

Ұстаздар қауымына кәсіби мерекелеріне орай құрмет көрсетілді

4.10.2013, 18:00 186


Бүгін Шығыс Қазақстан облысының ұстаздар қауымына кәсіби мерекелеріне орай құрмет көрсетілді. Облыста барлығы 33 мың бала жанының бағбаны бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің білім саласына елеулі үлес қосқан бір топ ұстаздарды марапаттады.

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі жемісті еңбегі үшін Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжінің оқытушысы Жанаргүл Оспанова Ы. Алтынсарин медалін иеленді.

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі жемісті еңбегі үшін Өскемендегі көпбейінді технологиялық колледжінің директоры орынбасары Шынар Кекубаева, ШҚО техникалық және кәсіби білім беру мен кадрларды қайта даярлау орталығының әдіскері Ләззат Кездікбаева ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Өңіріміздің 10 мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатына лайық деп танылды.

Сонымен қатар осы күні аймағымыздың 200 мұғалімі енгізілген «Даңқ» кітабын алуға алғашқы 10 сыйлық сертификаты тапсырылды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив