KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Өскеменде газ баллонының жарылуынан 52 жастағы ер адам күйіп қалды

3.10.2013, 18:00 188


Өскемен қаласында жеке меншік үйде газ баллонының жарылуынан 52 жастағы ер адам күйіп қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері жеке тұрғын үйдің ас бөлмесінде газ баллоны, ағаш құрылымды жиһаздары жанып жатқанын анықтады. Өрт салдарынан 1961 жылы туған азаматтың бетін, екі иығын 1-2-3а дәрежелі термиялық күйік шалды, денесінің 5% күйген. Алайда зардап шегуші ауруханаға жатудан бас тартты.

Мамандар өрт тұрмыстық газ құрылғысын қолдану ережесін бұзудан болған деп отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив