KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Зырян қаласында академик Артықбай Каюпов атындағы көше салтанатты түрде ашылды

29.09.2013, 18:00 110


Зырян қаласында шаһардың туған күніне орай академик Артықбай Каюпов атындағы көше салтанатты түрде ашылды. Академик Артықбай Каюповтың қызметі мен ғылыми мұрасы шаһар өмірінде ерекше орын алып отырған Малеевка кенішімен тығыз байланысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Көшенің ашылу салтанатына қатысқан ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Нұрлан Сауранбаев зыряндықтарға гүлденге беруге тілектестік білдірді. Одан кейін жиналғандарды Зырян ауданының әкімі Ермак Салимов құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

Академик атындағы көшенің лентасын қию құрметіне ғалымның туысқаны Нина Каюпова мен Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген геологы Анатолий Кудрявцев ие болды.

Осы күні Зырян ауданында III аудандық жастар форумы өтті. Форум аясында аудан әкімінің «Зырян ауданы жастары - 2013» бағдарламасын жүзеге асыруда белсенділік танытқан жастарға естелік сыйлықтар табысталды.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін "Арт Кристалл" шығармашылық бірлестігі Ди-джейлердің облыстық байқауының жеңімпаздары DJ BeKingSky, Duet MakDouble, VJ Tahir и Go-Go Оля "Star" және Катя "Птичка",DJ Niloff топтарының қатысуымен жастардың дискотекасын ұйымдастырды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив