KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Әлеуметтік жәрдемақы төленеді

2.10.2013, 18:00 240


Келесі жылдан бастап облыста өте кедей тұратын отбасыларға жәрдемақы төлене бастайды. Бұл еліміздің үш өңірінде қанатқақты түрде жүргізілетін әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы аясында іске асырылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жәрдемақы берудің де өзіндік шарттары бар екен. Яғни, мұндай көмекке ие болған адамдар жұмысқа орналасу немесе қандай да бір мамандықты игеру мақсатымен қайта оқу үшін нақты қадамдарға баруы тиіс. Ондағы мақсат – әлеуметтік жағдайы тым төмен отбасының асыраушылары жәрдемақы көмегімен жұмысқа орналасып, бала-шағасын асырайтындай жағдайға жету. Нәтижесінде мемлекеттің мойнында отырған жәрдемақы алушылар қатары азаяды дейді мамандар.

Алайда, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының дерегіне сүйенсек, әлеуметтік жәрдемақының мөлшері мардымсыз. Дәлірек айтқанда, әрбір отбасы мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табыс пен 60 пайыздық күнкөріс деңгейінің ең төменгі мөлшері аралығында төленеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив