KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
478.96 533.03 5.22

Қоғамға қауіп төндіретін материалдарға тыйым салынды

26.09.2013, 18:00 44


ШҚ облыстық прокуратураның ресми сайтында жарық көрген мәліметтерге сәйкес, бірқатар баспа өнімдері мен аудио-видео жазбалар қоғамға қауіп төндіретін, дәлірек айтқанда экстремистік мазмұнға ие материалдар деп танылып, сот шешімімен тыйым салынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ресми ақпаратқа жүгінсек, жыл басынан бері облыстық прокуратура органдарымен сараптама қорытындысына сәйкес мазмұнында экстремистік белгілері анықталған материалдарды сот тәртібі арқылы экстремистік деп танып, оларды ел аумағына кіргізу, тарату және басып шығаруға тыйым салу бағытында үлкен жұмыстар атқарылған. Нәтижесінде өңірдегі соттарға 46 исламдық бағыттағы ақпараттық материалды экстремистік деп тану және оларды республика ішіне кіргізуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салу жөнінде 6 арыз түсірілген.

Прокурорлардың барлық арыздары толық көлемде қанағаттандырылып, қазіргі күні сот актісі заңдық күшіне енген. Атап айтар болсақ, Өскемен қалалық сотының шешімімен «Книга правление», «Исламское правление» ақпараттық материалдары, «Дружба и непричастность висламе» деп аталатын кітапша, «Обращение казахстанского джамаата «Ансару-д-дин», «Фатва о джихаде против казахстанской полиции», «Разрешение на уничтожение сотрудников всех служб защищающих тагут», «О пользе и вреде джихада», «Абу Али Аль-Мисри: Мурджииты и их основы» деген баспа жарияланымдары экстремистік бағыттағы ақпараттық материалдар ретінде танылған.

Сонымен қатар Аягөз, Жарма аудандарының, Риддер қаласының соттары шығарған шешімге сәйкес, прокурорлардың арызы бойынша төмендегі діни сипаттағы ақпараттық материалдарға экстремистік мазмұнға ие деген айдар тағылып, оларды ел ішіне кіргізуге, таратуға және басып шығаруға қатаң тыйым салынды. Олардың ішінде «Abdullah azzam», «Al Barrak Dsihad 1», «Al Barrak Dsihad 2» аудио-видео жазбалар, кітаптар мен кітапшалардан «Книга Джихада», «Книга муджахида» (Абдуллах Шамиль Абу Идриса авторлығымен), «Джихад в древности», «Шахиды. Кровь шахидов - знамение Аллаха», «Мнение ученых о разрушении буддийских статуй в Афганистане» және «Приближение к многобожию и отдаление от единобожия» деп аталатын 29 аудио лекция бар.

Осындай экстремистік сипаттағы әдебиеттер мен аудио-видео жазбаларды, сондай-ақ жарияланымдарды радикалды діни ағымдарды ұстанатын адамдар арқылы таратылу әрекеті облыстағы қадағалаушы органдар қызметкерлерімен қатаң бақылауға алынған. Қазіргі күні прокуратура мамандары аталған бағыттағы шараларды жүйелі жалғастыруда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив