KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Өскеменде 85 жастағы қария жұлқа қозғалған автобустың кесірінен құлап, жамбасын сындырды

23.04.2013, 18:00 140


Өскемен қаласының 85 жастағы тұрғыны автобус жұлқып қозғалған кезде құлап, жамбасын сындырып алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінде хабарлағандай, облыс орталығындағы Буров көшесінде орналасқан жарақат пунктіне 85 жастағы қария түскен.

Дәрігерлік тексеру қарт адамның жамбас сүйегі сынғанын анықтады.

Зардар шегушінің сөзіне қарағанда, №60 автобус Қайсенов көшесіндегі аялдамадан кенет жұлқып қозғалған кезде ішінде отырған жолаушы құлап, жарақат алыпты.

Қазір осы оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив