KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, В
443.35 475.54 4.82

Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХV республикалық байқауы өтеді

9.09.2013, 18:00 220


2013 жылғы 11-қыркүйекте С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың мәдениет залында Қазақстан халқы тілдерінің ХV республикалық фестивалі аясында көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХV республикалық байқауы өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сайысқа еліміздің барлық облыстары және Астана мен Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары қатысады.

Талапкерлердің өнерін бағалап, сарапқа салатын қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, сыншы Әшірбек Сығай (қазылар алқасының төрағасы), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Ш. Құрманбайұлы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының орынбасары Ғалия Бөкейқызы, «Ана тілі» ұлт газетінің бас редакторы Самат Ибраим, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист Жүсіпбек Қорғасбек бар.

Байқауға қатысушылар Оралхан Бөкей шығармаларынан басқа елімізге белгілі, сөз өнеріміздің дамуына өзіндік үлес қосқан драматург, ақын-жазушыларымыздың кез-келген шығармаларынан үзінді оқып, өз өнерлерін ортаға сала алады. Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың: көркем мәтінді оқу шеберлігіне, оқылатын шығарманы таңдау талғамына, дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударады.

Республикалық байқау жеңімпаздары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің дипломдарымен және алғыс хаттармен, басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив