KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 3 м/с, В
439.43 473.31 4.82

Оралхан Бөкейдің мерейтойында «Алтай барысы» анықталады

2.09.2013, 18:00 217


12-13 қыркүйек күндері Өскемен қаласы мен Катонқарағай ауданында көрнекті қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жерлесіміз Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтеді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мерейтой шымылдығын 11-қыркүйекте Өскемен төрінде өтетін көркемсөз оқу шеберлерінің О.Бөкей атындағы республикалық байқауы ашады.

12-қыркүйек күні Оралхан Бөкейдің туған ауылы Шыңғыстайда мерейтойға арнап шығарылған кітаптардың тұсауы кесіліп, той қонақтарымен кездесуі өтеді. Кешкісін Шыңғыстайдағы орта мектепте жазушының аруағына арнап ас беріледі.

13-қыркүйек күні Катонқарағай ауылын-дағы Оралхан Бөкейге арналған ескерткіш ашылып, ауылдың мәдениет үйінде «Көркем-сөздің құлагері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болады. Сондай-ақ, тойға келген қауымға семейлік әртістер драмалық қойылым ұсынбақ.

Қаламгердің мерейтойында бұл жолы бәйге ұйымдастырылады. Ат десе, ішкен асын жерге қоятын қауым түс ауа Катонқарағай ауылының ипподромына ағылмақ. Биылғы тойдың басты жаңалығы – қазақ күресінен «Алтай барысы» анықталады. Бура сан балуандардың айқасын көріп, аузымен құс тістеген жүйріктердің шабысын тамашалаймын деген ағайынға бәйге мен қазақ күресінен бөлек мазмұнды концерттік қойылым ұсынылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив