Өскемен қаласында «Tylek.kz» сайтының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Сайтты ШҚ облысы басшысының тапсырмасымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу «Мейірім» жобасы мен облыстық білім басқармасы бірлесіп іске қосып отыр.
Онда аудандар мен қалалардың мектептерінен түлеп ұшқан түлектер туралы мағлұматтар енгізілген. Сондай-ақ, сайт арқылы түлектермен тікелей байланыс орнатып, хат алмасуға мүмкіндік бар.
«Tylek.kz» Шығыстан шыққан кәсіпкерлер мен қалталы азаматтарды түгендеп, оларды жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетуге, туған жерлеріне тағзым етуге жұмылдыруға үлкен көмегін тигізеді деп отыр мамандар.