KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Өндірісте мерт болғандардың отбасыларына мерекеге орай жәрдемақы берілді

25.08.2013, 18:00 115


Қазақмыс Тобы кеншілердің кәсіби мерекесі – Шахтер күнін атап өтті. Бұл күні Қазақмыс қызмет ететін аймақтарда дәстүрлі мерекелік шаралар - спорттық жарыстар, еңбек озаттары мен өндіріс ардагерлерін марапаттау шарасы, қала тұрғындары үшін концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Салтанатты іс-шаралар аясында өндірісте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін, өнімді әрі көпжылдық қажырлы еңбегі үшін және еңбек тиімділігін арттырғаны үшін Топтың 44 қызметкері «Кенші даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

Өндірісте мерт болғандардың отбасыларына мерекеге орай жәрдемақы берілдіСондай-ақ, жергілікті атқарушы билік пен компания басшылығы атынан еңбек озаттарына грамоталар, құнды сыйлықтар мен сыйақылар табыс етілді. Аталмыш шаралар аясында өндірісте мерт болғандардың отбасылары мен жарақат алып, мүгедектікке шыққан жандарға арнайы жәрдемақылар бөлінді.

«Кенші мамандығын батыл да қайсар жандар таңдайды. Оларға асқан табандылықты, арнайы білімді, кәсіби шеберлік пен батылдықты талап ететін күрделі мәселелерді күн сайын шешуге тура келеді. Олардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде жер қойнауынан мыс және көмір өнімдері алынып отырады және бұл өнімдерсіз қазіргі қоғамның тұрмысын көз алдымызға елестету мүмкін емес», - деп атап өтті «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Басқарма Төрағасы Эдуард Огай.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив