KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

«Қазақмыс» қайырымды істен тыс қалмайды

29.04.2012, 18:00 142


Қазақмыс тобы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен қарттар үйлеріндегі жалғызілікті зейнеткерлерге, өндірісте мүгедек болған адамдардың балаларына ұдайы қамқорлық көрсетіп келеді.

Осы мақсаттарға шамамен 3,3 млн. теңге бөлінген. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі директоры Сергей Ершовтың айтуынша, компания басшылығы, әсіресе, мереке күндері қамқорлығындағы балалар мен қарттарға ерекше назар аударады. Оларды ешқашан сый-сияпаттан тыс қалдырған емес.
Еліміздегі мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын өндіруде елеулі активтері бар, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу жөніндегі жетекші халықаралық компания болып табылатын «Қазақмыс» өндірістік ірі жобаларды жүзеге асырумен қатар қайырымдылық істерді де ұмытқан емес.

altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив