KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Қазақмыс Тобы III республикалық журналистер бәйгесінің қорытындысын шығарды

24.06.2013, 18:00 125


Қазақмыс Тобы III республикалық журналистер бәйгесінің қорытындысын шығарды. 2011 жылы Қазақмыс Тобы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласының мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, сондай-ақ журналистерге, олардың кәсіби шыңдалуын қолдау мақсатымен журналистер арасында жыл сайынғы бәйге жариялаған болатын. Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің экономика бөлімі меңгерушісі Жанаргүл Мұқатай осы байқауда марапаттау жүлдесіне ие болды.

Алматыда өткен салтанатты марапаттау рәсімінде бес номинация бойынша жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздардың есімі жария етілді.

Сонымен қатар, қазылар алқасы жүлдегерлер қатарына қосылмаған еңбек авторларына жеті марапаттау жүлдесін табыс етуге шешім қабылдады. Олардың қатарында «Горно-металлургическая промышленность», «Индустриальная Караганда» (Қарағанды қаласы), «Мысты өңір» (Жезқазған қаласы), «Дидар» газеті (Өскемен қаласы), «Орталық Қазақстан» (Қарағанды қаласы), «Егемен Қазақстан» және «Түркістан» республикалық басылымдарының тілшілері бар.

Бәйгеге барлығы 50-ден астам өтініш келіп түсті. Үміткерлердің еңбектерін Қазақмыс Тобының басшылығы мен Корпоративтік байланыстар департаментінің, сондай-ақ Қазақстан баспасөз клубының өкілдерінен құралған әділқазылар бағалады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив