KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Зайсандықтар қол күресі жарыстарын жерлестерінің құрметіне арнады

27.05.2013, 18:00 306


Зайсан ауданының орталығындағы «Модуль» спорт кешенінде спорт ардагері Нұрлан Қасымжановтың құрметіне қол күресінен жасөспірімдер мен ересектер арасында облыстық жарыс өтті. Сайыстың өтуіне аудан әкімі Серік Зайнулдин қолдау көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық дәрежедегі төреші Нұрлан Қасымжанов Зайсан қаласында туып өскен. Бұл күндері «Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Өскемен металлургия кешенінде аппаратшы болып еңбек етіп жүр.

Нұрлан қол күресімен айналысқан жылдары Қазақстанның 15, Азия чемпионаты-ның бес мәрте жеңімпазы, ТМД чемпионы, бұған қоса, әлемнің күміс және үш рет қола жүлдегері атанды.

Жарысқа Семей қаласынан, Ұлан, Тарбағатай, Зайсан аудандарынан 130 спортшы қатысты. Ашылу салтанатында аудандық мәслихаттың хатшысы Дәулет Ыдырышев Нұрланға шапан жауып, құрмет көрсетті.

Сайыстар аса тартысты әрі қызықты өтті. Жекелей салмақ дәрежелері бойынша зайсандықтар Тілектес Қаденов, Ислам Арменов, Абылай Амангелдіұлы, Адал Амангелдинов, Асан Мұхамадиев, Ұлан ауданынан Тимужин Харипулин, Ерлан Уәлиев және басқалары бірінші орынды жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дайындаған медальдар және кубоктар тапсырылды.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив