KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

Зырянда девиантты тәртіптегі балаларға арналған лагерь жұмыс істейді

21.08.2013, 18:00 118


Зырян қаласындағы № 11 орта мектептің жанында үшінші жыл қатарынан девиантты тәртіптегі балалар үшін «Белый замок» лагері жұмыс істейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Зырянда девиантты тәртіптегі балаларға арналған лагерь жұмыс істейдіЛагерь жетекшісі, мектептің психолог маманы Екатерина Триханованың айтысына қарағанда, бұл жерде балғындарға арналған психологиялық тренингтер, викториналар, байқаулар, ойындар ұйымдастырылады. Педагогтар тәрбиеленушілеріне көбірек көңіл бөліп, мейірімділік пен төзімділік танытады. Сондан болар,
балақайлар сабақтарға қызығушылықпен қатысып, бір-бірлерімен және ересектермен қуана араласады. Олар қаладағы шағын бақтарды, саябақтарды тазалауға қолқабыс жасайды. Тренинг сабақтардың нәтижесінде олар үрей, қорқыныш сезімдерінен арылып, өздеріне сенімді болуға үйренеді екен.

"Ең маңыздысы, олар ашыла түседі, өз ойларын тұжырымдауға, болып жатқан оқиғаларға баға беруге тырысады. Бұл біз үшін де, олар үшін де үлкен жетістік", дейді психолог маман.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив