KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Ювенальды әділет жүйесін күшейту мәселелері талқыланды

5.03.2013, 18:00 107


Облыстық әкімдікте «Ювенальды әділет жүйесін күшейтуге қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерін өзгертулер мен толықтырулар туралы» Заңның жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел жұмысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оған блыс әкімінің орынбасары Владимир Кошелев, Парламент депутаттары, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен ювенальды полиция, прокуратура, ювенальды сот, қылмыстық-атқару басқармасы, отбасын қолдау және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының, ШҚМУ әлеуметтік жұмыс және психология кафедрасының, кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін ҮЕҰ, Серебрянка қаласы мен Белоусовка кентіндегі девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектептің өкілдері қатысты.

Бұл жерде Шығыс Қазақстан облысының пікірталас алаңы ретінде таңдалып отырғаны әсте тегін емес. Шығыс өңірі бірнеше жыл қатарынан БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) ынтымақтаса жұмыс істеп келеді. Балаларды қорғаудың кіріктірілген жүйесін, соның ішінде заң бұзған балаларға көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтерді дамыту жұмысында да біздің облыс республикамызда алғашқылардың бірі болып пилоттық жобаны іске асырып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив