KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Күршімде тағы бір сауда орны ашылды

8.08.2013, 18:00 89


Күршім ауданындағы Күршім ауылында тұрғындардың жоғары сұранысына ие жеміс-жидектер мен көкөністер сататын тағы бір сауда орны іске қосылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Елді мекенде шағын және ірі азық-түлік дүкендері жеткілікті. Соған қарамастан жаңадан ашылған дүкен үлкен сұранысқа ие болып отыр. Себебі дүкеннің іші-сырты мұнтаздай таза, сауда сөрелері, еден, тауар салынған пластикалық ыдыстардың күнделікті тазаланатыны көрініп тұр.

Бірнеше ай бойы бос тұрған бұл орынды жеке кәсіпкерлер, ерлі-зайыпты Ақшабаевтар жалға алған. Олар кәсіптерін көкөніс, жеміс-жидек, шығыс тәттілері, жармақ және салқын сусындар сатудан бастауды жөн санапты.

Тауарды кәсіпкерлер өз көліктерімен Өскемен қаласынан аптасына екі рет әкеліп тұрады. Көкөніс, жеміс-жидек тез бұзылатын тауар болғаннан кейін оларды аз мөлшерде жеткізеді. Бүгінде олар тауар жеткізуге, сапасын сақтауға әбден машықтанып алған.

Көкөністердің жақсы сақталуы үшін тұрақты түрде салқындатқыш кондиционер қосылып тұр. Бағасы қолжетімді әрі сапалы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив