KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

19 бүлдіршін оқу құралдарымен қаматамасыз етілді

4.08.2013, 18:00 112


ШҚ облыстық ІІД-нің бастығы Рашид Жақыповтың бастамасымен тұңғыш рет департамент қызметкерлерінің балаларына арналған ерекше мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шара барысында мектеп табалдырығын аттағалы отырған 19 бүлдіршінге оқу үрдісіне қажетті барлық кеңсе тауарлары салынған аспалы сөмкелер сыйға тартылды.

Ата-аналар мен балаларды облыстық ІІД-нің бастығы Рашид Жақыповтың атынан оның орынбасары Жанболат Қалетаев пен ардагер Нұрлыбек Үдербаев құттықтап, білім әлеміне алғаш рет қанат қаққалы отырған балғындарға ақ жол тіледі.

– Мен биыл Ахмер орта мектебіне бірінші сыныпқа барамын. Мектепке қажеттінің барлығы салынған аспалы сөмке қатты ұнады. Бірақ, өзі өте ауыр. Бізге осындай керемет сыйлық жасағаны үшін алғысым шексіз, – дейді департаменттің ерекше сыйлығына ие болған балғынның бірі Әлия Оспанова.

Жанболат Қалетаевтың айтуынша, аталмыш шара бұдан былай игі дәстүрге айналып, жыл сайын өткізілмек. Бұл мақсатқа арнайы қаржы бөлінген.

Әсел Асқарқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив