KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
485.11 523.82 5.02

Тәртіп сақшыларының балаларына оқу құралдары табысталды

12.08.2013, 18:00 148


Жаңа оқу жылының қарсаңында ШҚО ІІД басшылығы Семей қалалық ІІБ тәртіп сақшыларының бірінші сыныпқа баратын балаларына оқу – құралдары мен мектепке қажетті керек – жарақтарды сыйға тартты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасап.

Балаларға базарлықты Семей қалалық ІІБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мақсат Зекенов табыстап, бірінші сыныптың табалдырығын аттағалы отырған балдырғандарға білім жолында сәттілік тіледі.
Осы мақсатқа департаменттің қазынасынан арнайы қаражат бөлініпті.

Семей қаласы бойынша 23 тәртіп сақшыларының балалары биыл бірінші сыныптың есігін ашады екен. Сыйлық алғандардың сегізі өз оқу құралдары мен керек – жарақтарын қалалық ІІБ-да алса, жол полициясы мен қаланың полиция бөлімдері қызметкерлерінің балалары үшін инспекторлардың өз қолдарына табысталды.

- Бұл шара ШҚО ІІД басшысы, генерал – майор Рашид Жақыповтың бастамасымен қолға алынып отыр. Тәртіп сақшыларының бірінші сыныпқа баратын балаларына арналған сыйлық балақайларды қуантары анық. Басшылықтың балаларға қамқорлық танытып жатқандығы үлгілі іс, әрине. Темірдей тәртіп, уақыттың тығыздығынан біздің балаларды ертіп, дүкен аралайтын уақытымыз жоқ. Әлбетте, бұл шаруаларды үйдегі жұбайларымыз тындырып жүретін-ді. Ал, мұндай сыйлық, әр қайсысына жеке – жеке көңіл бөлу - бүлдіршіннің жүрегінде жатталып қалатын анық, - дейді ШҚО ІІД ЖП №2 ЖБ командирінің орынбасары Ербол Шәріпқанов.

Баспасөз қызметінде айтқандай, мұндай акциялар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив