Шемонаиха аудандық Шығармашылық үйі жанындағы «Құмырсқалар» мектеп алаңы өз жұмысын қорытындылады , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Алаңдағы 42 бала үш отрядқа жіктеліп, 21 күн бойы әр күндерін қызықты өткізуге тырысты. Күнделікті күн тәртібіне тақырыптық іс – шаралардың сабақтары, би өнері, ән айту және сурет өнері кірді.
Әр апта сайын, бейсенбі күндері балғындар туған өлке табиғатымен танысу үшін саяхаттарға шығып, Уба өзенінің жағасын қоқыстан тазалап жүрді. Балалардың есінде таңғажайып шығармашылық күндері, Нептун мерекесі көпке дейін сақталатын болады.
Алаңдағы жұмысты қорытындылауға арналған «Құмырсқалардың Академиясы» атты жабылу мерекесінде балғындар «Достық туралы ертегінің» әртістеріне айналып, сахналық көрініс көрсетті.
Демалыс кезінде балалар интеллектуалды деңгейлерін көтерді, ұжыммен жұмыс істеуге үйреніп, күнделікті жаттығулардың арқасында денсаулықтарын түзеп алғандары сөзсіз.